Жаңалықтар
Өскеменде 26 елдің жүйрігі бақ сынайды

22 тамыз күні сағат 14:30-да Өскемендегі Достық үйінің алдында халықаралық раллидің финалы өтеді.
Биыл жарысқа әлемнің 26 елінен 120-дан астам команда қатысады. Оның ішінде Англия, Дания, Бельгия, Италия, Ирландия, Норвегия, Аустралия, Франция, АҚШ, Канада, Нидерланд, Германия, Швеция, Швейцария, Жаңа Зеландия, Болгария, Словения, Испания және басқа да елдердің өкілдері бар.
Қатысушылар 10 мың шақырымнан астам жолды еңсеріп, сапарын Шығыс Қазақстанда аяқтайды.



