Жаңалықтар
«Торпедо» Қазақстан Кубогының финалына шықты

Өскемендік «Торпедо» хоккейден Қазақстан Кубогының финалына шықты.
Жартылай финалдық кездесуде команда рудныйлық «Горнякты» 5:2 есебімен жеңіп, турнирдің шешуші ойынына жолдама алды.
Енді «Торпедо» үшін Қазақстан Кубогына бір ғана матч қалды. Өскемендік команданың қарсыласы «Сарыарқа» мен «Ақтөбе» арасындағы екінші жартылай финалдық кездесудің қорытындысы бойынша анықталады.
Өскемендік клуб финалға шығып, Шығыс Қазақстан хоккей мектебінің жоғары деңгейін және команданың өз ісіне деген адалдығын тағы бір мәрте дәлелдеді.



