ЖаңалықтарСпорт
ШҚО спортшысы Азия ойындарында бак сынайды

Шығыс Қазақстандық спортшысы Азамат Дәулетбеков 2026 жылғы Азия ойындарында Қазақстан намысын қорғайды.
Биылғы Азия ойындары Жапонияның Аичи-Нагоя аймағында өтеді. Қазақстан құрамасы еркін күрес, грек-рим күресі және әйелдер күресінен сынға түседі.
Еркін күрестен ел намысын алты спортшы қорғайды. Олардың қатарында 86 келі салмақта күресетін шығысқазақстандық Азамат Дәулетбеков бар.
Қазақстан құрамасының еркін күрестегі толық құрамы:
- 57 келі – Нұрданат Айтанов;
- 65 келі – Начын Куулар;
- 74 келі – Нұрқожа Қайпанов;
- 86 келі – Азамат Дәулетбеков;
- 97 келі – Ризабек Айтмұхан;
- 125 келі – Едіге Қасымбек.
Айта кетейік, 2026 жылғы Азия ойындарында Қазақстаннан барлығы 18 палуан өнер көрсетеді.



