ЖаңалықтарСпорт

ШҚО спортшысы Азия ойындарында бак сынайды

Шығыс Қазақстандық спортшысы Азамат Дәулетбеков 2026 жылғы Азия ойындарында Қазақстан намысын қорғайды.

Биылғы Азия ойындары Жапонияның Аичи-Нагоя аймағында өтеді. Қазақстан құрамасы еркін күрес, грек-рим күресі және әйелдер күресінен сынға түседі.

Еркін күрестен ел намысын алты спортшы қорғайды. Олардың қатарында 86 келі салмақта күресетін шығысқазақстандық Азамат Дәулетбеков бар.

Қазақстан құрамасының еркін күрестегі толық құрамы:

  • 57 келі – Нұрданат Айтанов;
  • 65 келі – Начын Куулар;
  • 74 келі – Нұрқожа Қайпанов;
  • 86 келі – Азамат Дәулетбеков;
  • 97 келі – Ризабек Айтмұхан;
  • 125 келі – Едіге Қасымбек.

Айта кетейік, 2026 жылғы Азия ойындарында Қазақстаннан барлығы 18 палуан өнер көрсетеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button