Жаңалықтар

2026 жылы азаматтардың шығындары бақылауға алынады

2026 жылдан бастап салық органдары азаматтардың қаржылық шығындарын мұқият қадағалай бастайды.

Бұл қатарға ірі сатып алулар, саяхаттар және басқа да қомақты шығындар кіреді. Кірістерді жанама түрде анықтау жүйесінің енгізілуі шығындар мен ресми табыстарды салыстыруды көздейді. Егер азаматтың шығындары оның заңды табысынан асып кетсе, салық органдары түсіндірме талап етуі мүмкін.

Бақылау барысында қаражат қозғалысы, сатып алулар, сапарлар және өзге де қаржылық белсенділіктер туралы деректер пайдаланылады. Ақпараттарды өңдеу жасанды интеллект көмегімен жүзеге асырылады.

Мұндай тексерудің алғашқы мысалы ретінде блогерлердің табысы мен шығысын талдау нәтижесінде 53 миллиард теңгеге жуық сәйкессіздік анықталған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button