ЖаңалықтарҚылмыс

Өскеменде есірткі таратқан ер адам ұсталды

Өскеменде есірткі заттарын интернет-дүкенге дайындаған 20 жастағы жігіт ұсталды. Ол атқарған жұмысы үшін криптовалюта арқылы ақы алып отырған.

Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің мәліметінше, күдіктіні «Қарасора» жедел алдын алу шарасы кезінде ұстаған.

Жеке тінту барысында одан ұнтақ тәрізді зат салынған 350 түйіншек табылды. Ал ол есірткі заттарын буып-түйген жалдамалы пәтерден тағы 28 түйіншек пен екі ыдысқа салынған зат тәркіленді.

Сараптама нәтижесінде тәркіленген заттың α-PVP психотроптық заты екені анықталды. Жалпы салмағы 635 грамм болған.

Қазір аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button