Жаңалықтар

Әкесі мен қызының видеосы желіде қызу талқыланып жатыр

Өскеменде әлеуметтік желіде тараған әкесі мен қызының видеосына байланысты полиция тексеру жүргізіп жатыр. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаменті мәлімдеді.

Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада ер адамның қызын ернінен сүйгені көрінеді. Видео желі қолданушылары арасында қызу талқыланып, пікір екіге бөлінді. Бірі мұны әкенің балаға деген мейірімі мен сүйіспеншілігінің көрінісі деп қабылдаса, енді бірі ер адамның әрекетін сынға алды.

Оқиғаға қоғам белсендісі Ләззат Рақышева да назар аударды. Ол Threads әлеуметтік желісіндегі парақшасында аталған видеоға қатысты Ішкі істер министрлігіне, Бас прокуратураға, Бала құқықтары жөніндегі уәкілге және Өскемен қаласының полициясына ресми өтініш жолдағанын жазды.

Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаменті аталған дерек бойынша тексеру басталғанын растады.

«Аталған дерек полицияда тіркелді. Тексеру жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады ведомство.

Басқа жаңалықтар

Back to top button