ДенсаулықЖаңалықтар

Өскеменде ұйқы безін тегін тексеруге болады

21 қараша күні Өскеменде ұйқы безі ауруларын ерте анықтауға арналған ашық есік күні өтеді.

Шара облыстық Көпсалалы онкология және хирургия орталығында сағат 09:00-ден 13:00-ге дейін ұйымдастырылады.

Тұрғындар дәрігерлердің қабылдауынан өтіп, ұйқы безі ауруларының алдын алу, алғашқы белгілері мен анықтау жолдары туралы кеңес ала алады. Тексеру тегін жүргізіледі.

Қабылдауға алдын ала жазылудың қажеті жоқ. Өзіңізбен бірге жеке куәлігіңізді және бұрынғы медициналық тексерулердің нәтижелерін (УДЗ, КТ, МРТ) ала келуге болады.

Мекенжайы: Потанин көшесі, 6, 1-ғимарат, консультативтік-диагностикалық бөлім.

Басқа жаңалықтар

Back to top button