Басты жаңалықЖаңалықтар

ШҚО-да алдағы күндері ауа райы қандай болады?

17-19 қараша күндері Қазақстанның бірқатар өңірінде күн суытады. Синоптиктер жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болуы мүмкін екенін ескертті.

Қазгидрометтің болжамынша, алдағы күндері еліміздің шығысында, оңтүстігінде және орталығында жауын-шашынсыз ауа райы басым болады.

Сонымен қатар республика бойынша жел күшейіп, кей жерлерде тұман түседі.

Түнде Қазақстанның барлық дерлік өңірінде ауа температурасы нөлден төмендейді. Орталық, шығыс және оңтүстік-шығыс өңірлердің таулы аймақтарында аяз −13…−18°С-қа дейін жетеді.

Ал күндіз еліміздің батысы мен шығысында ауа температурасы +5…+10°С-қа дейін көтеріледі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button