Жаңалықтар

ШҚО-да 31 мыңнан астам адамның салық қарызы бар

Облыста 31 мыңнан астам тұрғынның салық берешегі әлі өтелмеген. Қазан айындағы мәлімет бойынша, қарызы бар жеке тұлғалардың саны – 31 404 адам.

Жеке тұлғалардың басым бөлігі көлік салығын төлемеген. Ал заңды тұлғалардың қарызы негізінен тұрғын емес ғимараттар мен құрылыстарға қатысты.

–Салықты уақытында төлемеген жағдайда мүлікке қатысты мәжбүрлі шаралар қолданылуы мүмкін.10 қарашадағы жағдай бойынша жеке тұлғалардан 481,8 миллион теңге, ал заңды тұлғалардан 2 миллиард 715,9 миллион теңге өндіріп алынды,-деді департамент басшысының орынбасары Шәріп Сейкенов.

Салық берешегінің бар-жоғын eGov.kz, e-Salyq Azamat және Kaspi.kz қосымшалары арқылы тексеруге болады. Сондай-ақ 1414 байланыс орталығына хабарласуға мүмкіндік бар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button