Жаңалықтар
Бүгін Күршім ауданының мәдени күндері өтеді

Бүгін сағат 17.00-де Күршім ауданының мәдени күндері аясында қала тұрғындары мен қонақтарына арналған көрме және мерекелік концерт өтеді.
Көрмеде Күршім ауданының қолөнер шеберлері өз туындыларын ұсынады. Атап айтқанда, «Керей» жеке кәсіпкерлігі ұлттық нақышта қолдан жасалған сырмақ, текемет және жүннен дайындалған өзге де бұйымдарын көпшілік назарына шығармақ. 18.00-де басталатын концертте эстрада жұлдыздары мен аудан өнерпаздары өз өнерлерін паш етеді.
Айта кетейік, жәрмеңкеде Shygyslife ұжымы және Күршім ауданы әкімдігі тұрғындарға арнайы сыйлықтар ойнатады. Біздің Instagram парақшамызға тіркелуді ұмытпаңыз!



