Жаңалықтар
Өскеменде түлкі байқалды

Куленов кентінде тұрғындар жабайы түлкіні байқап қалған. Ақпаратқа сәйкес, жануар бірнеше күн бойы елді мекен аумағында еркін жүрген.
Оқиғаға алаңдаған тұрғындар еріктілерге хабарласқан. Алайда жануарларды қорғау ұйымының өкілдері түлкіні тек жарақат алған немесе ауру белгілері байқалған жағдайда ғана ұстауға болатынын түсіндірді. Олардың айтуынша, қазіргі таңда жануардың жағдайы қалыпты.
Сонымен қатар, «Орман шаруашылығы және аңшылық жедел әрекет ету тобы» мемлекеттік мекемесі бұл жағдайға қатысты өздеріне әзірге ешқандай ресми хабарлама түспегенін мәлімдеді.



