Жаңалықтар
«Заң мен тәртіп»:Тарбағатайда жастармен кездесу өтті

Тарбағатай ауданында «Заң мен тәртіп – бейбітшілік пен әділдікке бастар жол» тақырыбында жастарға арналған дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараның мақсаты – жастардың құқықтық білімін арттыру, заңға құрметпен қарауды қалыптастыру және құқық бұзушылықтың алдын алу шараларын түсіндіру.
Кездесу барысында аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері мен жастар ресурстық орталығының өкілдері жоғары сынып оқушыларымен жүздесті. Олар заң мен тәртіпті сақтау, интернет-алаяқтықтан сақтану, синтетикалық есірткі заттарының зияны және құқықтық мәдениеттің маңызы туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Сондай-ақ жастарға күнделікті өмірде заң талаптарын сақтаудың маңыздылығы айтылды.



