Жаңалықтар

Онкологиялық орталыққа қабылдау тек қоңырау шалу арқылы жүргізіледі–ШҚО

Шығыс Қазақстан облыстық көпсалалы онкология және хирургия орталығы тұрғындарға арналған қоңырау қабылдау орталығының(call-центр) байланыс нөмірлері жаңартылғанын хабарлады.

Енді орталықтағы дәрігерлерге қаралуға және барлық диагностикалық тексерулерге тек қоңырау шалу арқылы ғана жазылуға болады.

Қоңырау шалу арқылы облыс тұрғындары МРТ, КТ, маммография, УДЗ, рентген тексерулері, сондай-ақ жеке дәрігерлердің қабылдауына жазыла алады.

Орталық әкімшілігінің мәліметінше, бұл жүйе пациенттер үшін бір ғана байланыс нүктесін қалыптастырады. Соның арқасында тексерулер мен қабылдауларға жазылу жеңілдейді. Сонымен қатар, тұрғындармен тұрақты байланыс орнату мүмкіндігі артады.

Осыған байланысты облыс тұрғындарынан жаңа телефон нөмірлерін сақтап қою сұралады. Бұрын қолданылған нөмірлер қолжетімсіз болуы мүмкін.

Жаңа байланыс нөмірлері: 208-997 және +7 771 944 48 08.

Басқа жаңалықтар

Back to top button