Жаңалықтар

ШҚО-да боран соғып, қар жауады

Шығыс Қазақстан облысында 27 қаңтар күні түнде қар жауып, боран соғады. Бұл туралы «Қазгидромет» облыстық филиалы мәлімдеді.

Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында қар мен боран болады. Ал солтүстік және оңтүстік аудандарда тұман түсуі мүмкін. Түнде облыстың оңтүстік-шығысында желдің жылдамдығы 15–20 м/с-қа дейін жетеді.

Осыған байланысты тұрғындарға елді мекендерден тыс жерлерге шықпау ұсынылады. Жаяу жүргіншілер жолдан өтер кезде мұқият болып, сақтық шараларын сақтауы керек.

Жүргізушілер жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтап, жылдамдықты асырмай, арақашықтықты ұстанғаны жөн.

Қатты жел кезінде аялдамалардың, ағаштардың, электр желілерінің және металл қоршаулардың маңында тұрмаңыз. Көлікті де ағаштардың, жарнама қалқандарының және электр сымдарының астына қоюға болмайды.

Автожолдардың жағдайы мен дауылды ескертулер туралы ақпаратты «Дармен» тегін мобильді қосымшасы арқылы білуге болады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button