Жаңалықтар
ШҚО-да құсбегіліктен облыстық чемпионат өтеді

6–8 ақпан аралығында Күршім ауданында құсбегіліктен облыстық чемпионаттың салтанатты ашылуы өтеді.
Жарыс облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасы мен аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің қолдауымен ұйымдастырылады.
Өңірдің түкпір-түкпірінен келген шамамен 30 құсбегі қатысатын спорттық іс-шара бүркіт және қаршыға салу бағыттары бойынша өтеді.
Чемпионат бүркіт пен қаршыға салу сияқты екі негізгі бағытта өтеді. Байқауда құстардың қырағылығы мен бапкерлердің шеберлігі сыналады.



