Жаңалықтар
Мұсылман зираты толып қалды ма?

Өскемен қаласының әкімі Алмат Ақышов Самсоновкадағы мұсылман зиратының жағдайымен танысып қайтты. Бұған дейін әлеуметтік желілерде зиратта жерлеу орындары жетіспей жатқаны туралы ақпарат тараған еді.
Қала әкімінің айтуынша, қазіргі уақытта зиратта жерлеу орындары жеткілікті.
—Зиратта әлі бос орындар бар. Олар шамамен тағы 1,5–2 жылға жетеді деп күтілуде. Алдағы уақытта бұл мәселені шешу үшін қосымша 12 гектар жер телімін бөлу жоспарланып отыр. Сондай-ақ аталған аумақты мешіт қарауына беру көзделген. Бұл жерлеу орындарын реттеуге және ұйымдастыруға көмектеседі,-деді ол.



