Жаңалықтар

Өскеменде «Сәулетай» саябағы жаңартылады

Өскеменде «Сәулетай» саябағы жөнделеді. Бұл туралы қала әкімі Алмат Ақышов есеп беру кездесуінде айтты.

Әкімнің айтуынша, саябақ бұрын өте әдемі болған. Онда балалар ойнайтын алаңдар мен демалатын орындар бар еді. Бірақ қазір саябақтың жағдайы нашарлап кеткен: алаңдар қираған, айналасы ластанған.

Биыл саябақ толық тазартылып, жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Соның арқасында бұл жер қайтадан тұрғындар үшін жайлы демалыс аймағына айналады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button