Жаңалықтар
Шешек тауында отбасылық фестиваль өтеді

28 ақпанда сағат 10:00-ден 16:00-ге дейін Шешек тауында «Отбасы Fest» фестивалі ұйымдастырылады. Бұл туралы қалалық ішкі саясат бөлімі хабарлады.
Фестивальде бірнеше арнайы аймақ жұмыс істейді. Мысалы, балалар мен жасөспірімдерге арналған алаңда аниматорлар өнер көрсетіп, ойын-сауық бағдарламалары, байқаулар және түрлі шеберлік сабақтары өтеді.
Ал ата-аналарға арналған аймақта қонақтар кәуап пісіріп, қақталған көкөністер дайындай алады. Сонымен қатар шай мен кофе ішіп, табиғат аясында еркін әңгімелесуге болады.Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл шара табиғатпен байланыс орнатуға жаңа эмоцияларды сезінуге таптырмас мүмкіндік.



