Жаңалықтар

Мұнай қымбаттады: теңге бағамы қалай өзгереді?

Наурыз айында теңге бағамы құбылуы мүмкін. Сарапшылар ұлттық валютаға сыртқы және ішкі факторлар қатар әсер етіп отырғанын айтады.

Алдағы айда Ұлттық қордан 400–500 млн доллар көлемінде валюта сату жоспарланған. Ал биыл қордан бөлінетін трансферттер 2,77 трлн теңгеге дейін қысқарады. Бұл теңгеге қосымша қысым түсіруі мүмкін.

Сонымен бірге, Ұлттық Банк 350 млрд теңгеге тең шетел валютасын сатуды жоспарлап отыр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда аз көлем. Ал Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры үшін наурыз айында валюта сатып алу көзделмеген.

Жалпы, наурызда Ұлттық банк тарапынан таза валюта сатылымы шамамен 1,15 млрд доллар болуы мүмкін.

Соңғы бір айда мұнай бағасы 18,8 пайызға өсіп, барреліне 79–80 долларға жетті. Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуі мұнайдың одан әрі қымбаттауына және доллардың нығаюына әсер етуі ықтимал.

Бұған дейін сарапшылар мұнайдың орташа жылдық бағасы барреліне 60 доллар болған жағдайда, жыл соңына қарай доллар 580–590 теңге болуы мүмкін деген болжам айтқан.

Басқа жаңалықтар

Back to top button