Жаңалықтар

Ақжардағы саз мектебі: 7 бағытта шығармашылық дамып келеді

Бүгінде Тарбағатай ауданы Ақжар ауылындағы балалар саз мектебінде 260 оқушы білім алып жатыр. Олар 7 бағыт бойынша шығармашылық қабілеттерін дамытып келеді.

Домбыра, қобыз, жетіген және баянда ойнауды үйреніп, вокал мен хореографияға қатыса алады. Мектептің басты мақсаты – балалардың шығармашылық қабілетін ашу, эстетикалық талғамын қалыптастыру және өнерге деген сүйіспеншілігін арттыру.

– Әр баланың бойындағы дарынды байқап, оны ары қарай дамытуға жағдай жасаймыз. Оқушылардың өнерлерін шындау үшін ансамбльдер мен оркестрлерде дайындықтар өткіземіз. Шығармашылық кештер, мерекелік концерттер мен аудан ішінде ұйымдастырылатын шараларға қатысамыз. Бұл балалардың сахнада тәжірибе жинақтауына және өз-өздеріне деген сенімділігін арттыруға мүмкіндік береді, — дейді Ақжар балалар саз мектебінің директоры Ажар Қабатаева.

Айта кетейік, мұндағы оқушылар аудандық, облыстық және республикалық байқауларға белсене қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button