Жаңалықтар

ШҚО-да ауа райы бұзылады

Шығыс Қазақстанда қар, боран және көктайғақ күтіледі.

Күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және орталық бөлігінде жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын жауып, боран соғады.

Облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Желдің жылдамдығы секундына 15–20 метрге дейін жетіп, түнде екпіні 25 метрге дейін күшеюі мүмкін.

Мамандар тұрғындарды жолда сақ болуға және ауа райының қолайсыздығына байланысты қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button