Жаңалықтар

Қазақстанда өңдеу өнеркәсібі қарқынды дамып келеді

2025 жылдың қаңтар–қараша айларында елімізде әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері оң динамика көрсетті. Өңдеу өнеркәсібінде бірқатар кіші салаларда өндіріс көлемі артқан.
Берілген мәліметтерге сәйкес, машина жасау саласы ең жоғары өсім көрсетіп, 11,6 пайызға ұлғайды. Бұл сала өңдеу өнеркәсібіндегі өсімнің негізгі драйверіне айналды.
Сонымен қатар, азық-түлік өндірісінде өсім 8,7 пайызды, ал химия өнеркәсібінде 8,1 пайызды құрады. Мұнайды қайта өңдеу саласында да оң өзгеріс байқалып, өндіріс көлемі 6,5 пайызға артқан.
Жалпы алғанда, өңдеу өнеркәсібінің жалпы индексі 5,9 пайызға жетті. Бұл көрсеткіш ел экономикасының әртараптандырылуы мен өндірістік сектордың тұрақты дамып келе жатқанын аңғартады.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button