Жаңалықтар

Тәуелсіздік күніне орай мемлекеттік наградалар табысталды — ШҚО

Облыс орталығында Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын өтті. Айтулы мерекеге орай ұйымдастырылған шарада өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына сүбелі үлес қосып жүрген бірқатар азаматтар мемлекеттік наградалармен және Құрмет грамоталарымен марапатталды.

Салтанатты жиында сөз сөйлеген облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан жүйелі реформалар мен өңір жетістігінің сыры, тұрғындардың тынымсыз еңбегінің нәтижесі екенін атап өтті.

— Шығыс Қазақстанның жетістіктері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған реформалардың және шығысқазақстандықтардың күн сайынғы тынымсыз еңбегінің нәтижесі. Ұлы Абайдың “Түбінде баянды еңбек – егін салған” деп айтқаны бар. Бұл сөз бүгінгі таңда ерекше мәнге иә, – деді облыс әкімі.

Марапат иелері қатарында әр салада ел игілігі үшін қызмет етіп жүрген жандар бар. Атап айтқанда, Өскемен қаласының Төтенше жағдайлар басқармасына қарасты №6 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі, Ринат Жылқышинов, жеке кәсіпкер Бақытжан Кудышева, Серебрянск қаласы мен Жаңа Бұқтырма кентіндегі «Тепловодоцентраль» КМК-ның 3-разрядты күл шығарушысы Наталья Гохколенко, сондай-ақ, Катонқарағай ауданының құрметті азаматы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Совет Иманғалиев бар.

Жиын соңында облыс әкімі марапатталған азаматтарға алғыс білдіріп, зор денсаулық, отбасыларына амандық және ел игілігі жолындағы қызметтеріне жаңа табыстар тіледі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button