Өскемендегі ГЭС-та гидроагрегат жаңартылады

Алтай, Марқакөл, Күршім, Зайсан және Ұлан аудандарында жаңа ГЭС салынады. Бұл туралы ШҚО энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Наурызбай Сармурзин мәлім етті, деп хабарлайды Shygyslife.kz тілшісі.
Бүгінде Шығыс Қазақстан облысында сегіз энергия өндіруші ұйым жұмыс істейді.
Энергетиканы дамытудың 2030 жылға дейінгі жоспарларына сәйкес өңірде 670,55 МВт жаңа өндіруші қуаттарды енгізу көзделуде. Жаңа энергия қуаттарын қолданыстағы энергия көздерін жаңғырту және жаңа гидроэлектростанциялар салу есебінен енгізу жоспарланып отыр.
Жаңғырту шеңберінде 2028 жылы пайдалануға берілетін Өскемен ЖЭО-да турбоагрегат салу, сондай — ақ Согра жылу электр орталығында турбоагрегат салынбақ. Бұдан басқа, 2027 жылға қарай Өскемендегі ГЭС-та гидроагрегат жаңғыртылады.
2030 жылға қарай Өскеменде ЖЭО-3 құрылысы аяқталуға тиіс. Инвестор — «Өскемен Энерго» ЖШС.



