Жаңалықтар

ШҚО-да халықаралық фестиваль өтеді

Жаңа жыл мерекесіне орай облыс орталығында «Аяз ата, Ақшақар-2025» атты халықаралық фестиваль өтеді.

Фестивальдің мақсаты – өңірде қысқы туризмді дамыту, мәдени бастамаларды қолдау және жаңа жыл қарсаңында тұрғындарға мерекелік көңіл-күй сыйлау.

Мерекелік шараны Шығыс Қазақстан облысының филармониясы және мәдениет басқармасы ұйымдастырып отыр.

Фестиваль 19–20 желтоқсан күндері Риддер және Өскемен қалаларында өтеді. 19 желтоқсанда мерекелік бағдарлама Риддер қаласында басталады. Сағат 15:00-де Аяз аталар, Ақшақарлар және қала тұрғындарының қатысуымен жаппай шаңғымен жүгіру ұйымдастырылады. Ал 16:00-де «Қазақстан қысының сиқыры» атты мерекелік концерт өтеді. Сонымен қатар, фестивальге қатысушы Аяз ата мен Ақшақар жұптары арасында байқау ұйымдастырылады.

20 желтоқсанда мерекелік шаралар жалғасын табады. Сағат 11:00-де «Алтай альпілері» тау-шаңғы базасында тау баурайынан жаппай сырғанау, ойын-сауық бағдарламалары және мерекелік концерт өтеді. Ал сағат 16:00-де Өскемен қаласының Солжағалау кешенінде Аяз Ата резиденциясының маусымдық ашылуы болады. Мерекелік бағдарлама Аяз ата мен Ақшақарлар шеруімен, концертпен және орталық алаңдағы басты шыршаны жағу рәсімімен аяқталады.

Фестиваль шығысқазақстандықтардың басын біріктіріп, қысқы ғажайып атмосфера сыйлауды көздейді. Шара ересектер мен балаларға қуанышқа толы әсер қалдырмақ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button