Жаңалықтар

Эстрада жұлдыздарының қатысумен концерт өтті

Дәстүрге сай мерекелік кеш облыс орталығының тұрғындары мен қонақтарын Б. Александров атындағы Спорт сарайында жинады. Көрермендерге мазмұнды әрі әсерлі бағдарлама ұсынылды. Сахнада танымал әнші Luina мен The Jigits бойз-бэнді өнер көрсетті. Қала тұрғындарының барлығы би алаңына шығып, мерекелік көңіл күйді сезінді.

Жаңа жылдық концертті «Қазцинк» компаниясы ұйымдастырды.

– Жаңа жыл – үлкендер де, балалар да асыға күтетін мереке. Баршаның ғажайыпқа сенгісі келеді. Бұл концерт жиналған жұртқа мерекелік көңіл күй сыйлады деп үміттенемін, – деді компанияның әкімшілік мәселелер жөніндегі басқарушы директоры Андрей Лазарев.

Басқа жаңалықтар

Back to top button