Жаңалықтар
Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшері белгілі болды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 2025 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша Қазақстанда орташа зейнетақы 142 669 теңге болды. Оның ішінде ынтымақты зейнетақы – 95 096 теңге, базалық зейнетақы – 47 573 теңге.
Министрліктің хабарлауынша, жыл басынан бері республикалық бюджеттен 3 триллион 868 миллиард теңге сомасына зейнетақы төленген. Оның ішінде базалық зейнетақыға – 1 триллион 252,4 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақыға – 2 триллион 615,6 миллиард теңге қарастырылған.
Қазіргі таңда елде зейнеткерлер саны 2 миллион 524 мың адамды құрайды.



