Жаңалықтар
Жаңа жылда оқушылар қанша күн демалады?

Қазақстандағы оқушылар 2025–2026 оқу жылының қысқы демалысын 29 желтоқсаннан 7 қаңтарға дейін өткізеді. Бұл мерзімге сәйкес, оқушылар жалпы 10 күн бойы демалады.
Қысқы каникул кезінде мерекелік күндер де есепке алынады:
•1–2 қаңтар — Мемлекеттік жаңа жыл мерекесі;
•7 қаңтар — Православты Рождество.
Осылайша, оқушылар Жаңа жыл мерекесін толықтай демалыс уақытында өткізіп, сабаққа 8 қаңтардан қайта оралады.



