Жаңалықтар
ШҚО-дағы үш мейрамхана еліміздегі топ-20 енді

Бұл туралы өңір басшысы Нұрымбет Сақтағанов есептік кездесу барысында мәлімдеді.
«Qurt&Wine», «Две реки» және «The Forest» мейрамханалары ABBA Awards нұсқасы бойынша Қазақстандағы ТОП-20 үздік мейрамхана қатарына кірді. ABBA Awards — кәсіпкерлер Арманжан Байтасов пен Бейбіт Алибековтің бастамасымен құрылған, еліміздегі мейрамханаларды бағалайтын алғашқы ұлттық жүйе.



