Жаңа 500 теңгелік банкнот айналымға шықты

Қазақстан Ұлттық Банкі 25 желтоқсаннан бастап жаңа дизайндағы 500 теңгелік банкнотты айналымға шығарды. Жаңа банкнотта Шығыс Қазақстан өңірінің табиғи әрі тарихи құндылықтарын бейнеленген.
Жалпы ақшаның дизайны көк түсті және сақ стилінде жасалған. Банкноттың алдыңғы бетінде өмір ағашы, қалықтаған құс және ұлттық ою-өрнектер бар. Сондай-ақ Берел қорғанынан табылған (б.з.д. VIII–VII ғғ.) арқар басы түріндегі артефакт фрагменті бейнеленген. Ал артқы бетінде Шығыс Қазақстандағы Мұзтау (Белуха) тауының көрінісі мен қазақы ою-өрнектер көрініс табады.
Жаңа 500 теңгелік банкноттар қазір айналымға шыққанымен, ел бойынша кеңінен 2026 жылдың екінші тоқсанында қолданыла бастайды. Себебі банкоматтар мен терминалдарды бейімдеуге уақыт қажет.
Ескі 500 теңгелік банкноттар екі жыл бойы жаңа үлгімен бірге қолданылады. Сондықтан оларды айырбастаудың қажеті жоқ. Ескі және жаңа банкноттар 2027 жылғы 24 желтоқсанға дейін қатар айналымда болады.



