Жаңалықтар

ШҚО-да жыл үздіктері марапатталды

Шығыс Қазақстан облысында жылдың қорытындысы шығарылып, өңірдің дамуына адал еңбегімен үлес қосып жүрген үздік мамандар марапатталды.

Әлеуметтік сала, білім беру, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, орман шаруашылығы, төтенше жағдайлар қызметі, көлік, бизнес және спорт салаларында еңбек етіп жүрген азаматтарға мемлекеттік және ведомстволық наградалар, сондай-ақ «Өз саласының үздігі» атақтары табысталды.

Жалпы саны 100 шығысқазақстандықтың еңбегі бағаланды. Салтанатты жиында аймақ басшысы адал еңбек пен жоғары жауапкершіліктің ел дамуының негізгі тірегі екенін атап өтті.

«Мемлекет дамуы ең алдымен өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын, адал еңбек ететін азаматтарға байланысты. Сіздердің еңбектеріңіз өңірдің өркендеуіне үлкен үлес қосып отыр», – деді облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов.

Шара соңында облыс әкімі марапат иелеріне алғыс білдіріп, алдағы жылға табыс пен жаңа жетістіктер тіледі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button