Жаңалықтар

Жыл басынан бері 34 жол-көлік оқиғасы тіркелді — ШҚО

Аймақта жыл басталмай жол-көлік оқиғаларының саны артты, деп хабарлайды Shygyslife.

Облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, өңір аумағында 34 жол апаты тіркелген. Аталған оқиғалардың бірінде бір тұрғын жарақат алып, медициналық көмекке жүгінген. Қалған 33 жол-көлік оқиғасы материалдық шығынмен ғана шектелген. Белгілі болғандай, тіркелген жол апаттарының 32-сі Өскемен қаласының аумағында болған. Құқық қорғау органдары жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button