Жаңалықтар

Өскеменде боран мен көктайғақ күтіледі

«Қазгидромет» мәліметіне сәйкес, бүгін Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында қар жауып, боран соғады, күндіз көктайғақ болады. Желдің жылдамдығы кей жерлерде 25 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.

Өскемен қаласында түнде қар жауып, боран болады. Жолдарда көктайғақ бар. Желдің екпіні 15–20 м/с.

Облыстың Төтенше жағдайлар департаменті қолайсыз ауа райына байланысты қала сыртындағы сапарларды кейінге қалдыруды ұсынады.

Жолға шығу қажет болған жағдайда көлікте арқан, жанармай қоры, күрек, фонарь, алғашқы көмек қобдишасы, жылы киім мен азық-түлік болуы тиіс.

Жүргізушілерге жылдамдықты асырмай, арақашықтықты сақтауға кеңес беріледі. Жаяу жүргіншілер де сақтық шараларын ұстануы қажет.

Қатты жел кезінде ғимарат ішіне паналаңыз. Ағаштардың астында, көше бойындағы жарнама қалқандары мен аялдамалар маңында тұрмаңыз, үзілген сымдарға жақындамаңыз. Көлігіңізді ескі ғимараттардың маңына қоймаңыз.

Төтенше жағдай орын алса «112»нөміріне хабарласыңыз.

Басқа жаңалықтар

Back to top button