Жаңалықтар

Шемонаиха ауданында қарда қалған балықшылар құтқарылды

Шемонаиха ауданында боран салдарынан жолда қалып қойған балықшыларға құтқарушылар көмек көрсетті.

Ер адамдар Убинка ауылынан шамамен 3 шақырым жерде үйлеріне жете алмай қалған. Боран күшейіп, екі жеңіл көлік қалың қарға батып қалған соң, олар құтқарушыларға хабарласқан.

Оқиға орнына жол талғамайтын көлікпен жедел-құтқару жасағы келіп, үш ер адамды қауіпсіз жерге жеткізді. Құтқарылған азаматтарға медициналық көмек қажет болмаған.

Төтенше жағдайлар қызметі тұрғындарға балық аулауға немесе табиғатқа демалуға шыққанда ауа райы туралы дауылды ескертулерді міндетті түрде ескеруге кеңес береді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button