Жаңалықтар
Үш көлік соқтығысты — Өскемен

Бүгін Мызы мен Қазақстан көшелерінің қиылысында бірден үш көлік соқтығысқан.
ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Lada Vesta автокөлігінің жүргізушісі жылдамдықты асырып, жол және ауа райы жағдайларын ескермей, көліктер арасындағы қауіпсіз қашықтықты сақтамаған. Соның салдарынан ол Lexus көлігімен соқтығысқан. Соққыдан кейін Lada Vesta көлігі бұрылып, автобусқа соғылды. Жол апатынан ешкім зардап шеккен жоқ.



