Жаңалықтар
Өскеменде сары түсті қар жауды

Бүгін Өскеменде қатты боран соғып, қар жауды. Әлеуметтік желілерде қардың әдеттегідей ақ емес, сарғыш түске боялғаны туралы ақпарат тарады.
Бұл жағдай қала тұрғындарын алаңдатып отыр. Кейбір тұрғындар сары түсті қарды Прохладная маңында байқаған.
Осы жағдайға байланысты Шығыс Қазақстан облыстық Экология департаментінің мамандары оқиға тіркелген аумақтарға барып, зерттеу жұмыстарын бастады.
—Экологтар қардан сынама алып, еріген судың химиялық және спектрлік талдауын жүргізуде. Зерттеу нәтижелері дайын болған соң, қала тұрғындарына қосымша ақпарат берілетін болады,-деп хабарлады экология департаменті.



