Жаңалықтар

Сібе көлдерінде мұзға шығуға тыйым салынды-ШҚО

Ұлан ауданында Сібе көлдеріне көлікпен шығуға тыйым салатын арнайы белгілер орнатылды. Бұл жұмысты Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жүргізуде.

Ішкі істер министрлігінің «Су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, көліктер мұз үстімен тек арнайы белгіленген және жабдықталған өткелдер арқылы ғана жүре алады. Қалған барлық жағдайда мұзға көлікпен шығуға болмайды. Ережені бұзған жүргізушілерге айыппұл салынады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button