Жаңалықтар
Алтайда бастауыш сынып оқушылары онлайн оқиды—ШҚО

Бүгін Алтай ауданында ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты кейбір мектеп оқушылары қашықтан оқуға көшірілді. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.
Чапаев орта мектебі, Михаил Харин атындағы бастауыш мектебі, Соловьев орта мектебі, Новокрестьянка бастауыш мектебі, Михаил Бикетов атындағы орта мектебі, Бородино, Первомайское, Тұрғысын және Никольск орта мектептерінің 0–4 сынып оқушылары (1 және 2 ауысым) онлайн форматта білім алады.



