Жаңалықтар

2025 жылдың ХИТ есімдері қандай?

Қазақ халқы ықылым заманнан  балаға есім таңдауға асқан жауапкершілікпен қараған. Өйткені, адамның есімі тағдыры мен келешегіне әсер етеді деген сенім бар. Тіпті кей есімдерді атағанда, үйдің үлкендері қатарластары күлкі етпесін деп жатады. Кейбірі іңгәлап дүние есігін ашқан сәбиге атақты, сыйлы жандардың есімін берсе, енді бірі сирек кездесетін есім қоюға құмар. Ендеше, 2025 жылы ата-аналар мен ата-әжелердің таңдауы қандай есімдерге түсті, зерттеп көрдік.
Ұлттық статистика бюросы ұсынған дерекке сенсек, 2025 жылдың ХИТ есімдері төмендегідей:
Ұл балалар арасында:
Мұхаммед — 2426
Алихан — 2256
Айсұлтан — 2247.
Қыз балалар арасында:
Айлин — 3015
Асылым — 2753
Медина — 2449 есімдері танымал.
Ал, Есболат, Султан Мухаммад, Жансезім, Сайора, Айсан, Насима, Ай есімдері сирек қойылған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button