Жаңалықтар
ШҚО-да жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшырады

Шығыс Қазақстан облысында жедел медициналық жәрдем көлігі жол-көлік оқиғасына ұшырады. Оқиға 12-13 қаңтарға қараған түні болған.
Жедел жәрдем көлігі Первомайский кентінен үш шақырым қашықтықта орналасқан республикалық трассада жолдан шығып кеткен. Бұл туралы Шемонаиха ауданына қарасты Первомайский кентінің әкімдігі хабарлады.
«Востосельхозпродукт» ЖШС қызметкерлері дер кезінде көмек көрсетіп, көлікті трассадан шығарып алған. Оқиғадан кейін жедел жәрдем көлігі өз бағытымен жолын жалғастырды.
Апат салдарынан зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.



