Жаңалықтар
Марал Қазақстанның қай өңірлерін мекендейді?

Марал негізінен Шығыс Қазақстан облысын мекендейді. Ресми есеп бойынша, аймақта 4532 марал бар.
Бұл өзге өңірлердегі жануар санынан анағұрлым көп. Ауылшаруашылығы жануарларына арналған арнайы базаға жүгінсек, Ақмола облысында – 223, Алматы облысында – 155, ал Жетісу облысында 42 марал бары көрсетілген.
Жануар Алтай тауын ежелден мекен етеді. Тарихи деректерде бұл өңірде халық бұғы шаруашылығын 1,5 ғасыр бұрын қолға алғаны жазылады.



