Жаңалықтар

Қысқы көңіл-күй: Өскемендегі ТОП-3 мұз айдыны

Шығыс Қазақстан – төрт мезгілді де қамтитын ерекше өңір. Жазда тұрғындар табиғат аясында серуендеп, суға шомылса, күзде дала алтын жапыраққа оранып, адамдар саябақтар мен жағалауларда демалады. Көктемде табиғат қайта жанданып, таза ауа мен жылы күндер ерекше көңіл-күй сыйлайды. Ал қыс келгенде белсенді демалыстың бірі – мұз айдынында сырғанау. Төменде қысқы көңіл-күй сыйлайтын Өскемендегі үздік үш мұз айдынын ұсынамыз.

Спорт сарайы

Спорт сарайы қала орталығына жақын орналасқан, ыңғайлы әрі кең. Мұнда мұз айдынына кіру билет арқылы жүзеге асады. Билет бағасы — ересектерге 1500 тг, балаларға 1000 тг. Конькиді жалға алу — 1000 тг.

Алтай стадионы

Бұл спорттық стадионда да мұз айдыны бар. Конькиді жалға алу бағасы — 1000 тг. Стадион жаңадан сырғанауды үйреніп жатқандарға да, жай қызықты уақыт өткізгісі келетіндерге де таптырмас орын. Мекенжайы — Антон Чехов 70а.

Коммендантка аймағы (Поганка)

Коммендантка аймағы уақыты мен ақшасын үнемдегісі келетіндер үшін ең қолайлы орын. Конькиді жалға алу бағасы — 30 минутқа 500 тг, 1 сағатқа 700 тг.

Қысқы демалысты қызықты әрі пайдалы өткізу үшін осы мұз айдындарының біріне барып көріңіз. Мұз бетінде сырғанау — денсаулығыңызды жақсартады, ал жақсы компаниямен уақыт өткізу қысқы күндеріңізді ерекше естелікке айналдырады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button