Жаңалықтар

Сібе көлдерінде қысқы шоу өтеді

31 қаңтар күні Шалқар көлінде (үшінші Сібе көлі) қыс мезгілінің ресми ашылуы болады. Мұнда коньки тебушілердің қатысуымен мұз үстінде шоу ұйымдастырылады.

Ұлан ауданының ішкі саясат бөлімінің мәліметінше, демалыс күні келген қонақтар үшін коньки жалға беру қызметі жұмыс істейді. Сондай-ақ, тамақтану орындары ашылып, жағалауда жылы киіз үйлер тігіледі. Қоғамдық дәретханалар да болады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, 31 қаңтардан бастап қыстың соңына дейін Шалқар көлінде әр демалыс сайын түрлі мәдени және спорттық іс-шаралар өтеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button