Неге біз жаман жаңалықтарды жақсы есте сақтаймыз?

Кейде адамдар ауыр сөздер мен жағымсыз оқиғаларды ұзақ уақыт есте сақтайды. Ал жақсы жаңалықтар, керісінше тез ұмытылады. Психология бұл құбылысты «теріс ақпаратқа бейімділік»(Negativity bias) деп атайды. Неге миымыз жағымсыз ақпаратты ерекше есте сақтайды және бұл бізге қалай көмектеседі?
1. Эволюциялық себептер
Адамдар бұрыңғы заманнан бері қауіпті жағдайларда тіршілік етіп келген. Жыртқыш аңнан немесе улы өсімдіктен аман қалу үшін ми қауіпті сигналдарға ерекше назар аударып келген. Сондықтан жағымсыз немесе қауіпті оқиғаларды есте сақтау – табиғи, өмірді сақтайтын механизм ретінде қалыптасқан.
2. Мидың құрылымы
Жаман жаңалықтарға мидағы амигдала бөлімі жауап береді. Ол эмоция мен қауіпті өңдеуде маңызды рөл атқарады. Ал жағымды жаңалықтар көбіне префронтальды корада өңделеді, ол баяу және аздап «жұмсақ» есте сақтайды. Сондықтан жағымсыз оқиғалар мидың «жадында» көбірек қалады.
3. Эмоциялық әсер
Қорқыныш, уайым немесе стресс туғызатын оқиғалар есте сақтауға ықпал етеді. Мысалы, жолда қауіпсіздік ережесін бұзсаңыз немесе күтпеген апатқа тап болсаңыз, сол сәт ұзақ есте қалады. Ал қуанышты оқиғалар көбінесе эмоциялық тұрғыдан әлсіз болып, тез ұмытылады.
4. Әлеуметтік және тәжірибелік мәні
Жағымсыз оқиғалар басқа адамдарға сабақ немесе ескерту болу үшін айтылады. «Сол көліктен аулақ бол» немесе «сол жерге барма» деген кеңестер есте қалады, өйткені олар қауіпті болдырмауға көмектеседі.
Біздің миымыз жағымсыз ақпаратты есте сақтауды ерекше маңызды деп есептейді. Бұл эволюциялық тұрғыдан өмір сүруге қажетті реакция. Сондықтан кейде жаман жаңалықтар ұзақ есте қалады, ал жағымды жаңалықтар тез ұмытылады.



