Жаңалықтар
Жаңа айналма жолға бағдаршам орнатылуда—Өскемен

Өскеменде жаңа айналма жолды іске қосуға дайындық жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда айналма жолда жолақтар бойынша қозғалыс сызылып, «Айналма жол» белгілері мен бағдаршамдар орнатылып жатыр.
Мамандардың айтуынша, барлық жабдықтар осы аптаның соңына дейін толық іске қосылады.
Естеріңізге салайық, облыс орталығында екі деңгейлі жол айырығының құрылысы жалғасуда. Жоба екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде Сәтбаев даңғылы Базовая көшесімен, ал Жібек жолы көшесі Есенберлин даңғылымен айналма жол арқылы байланысады.
Екінші кезеңде Сәтбаев және Есенберлин даңғылдарын қосатын жол айырығы салынады. Құрылыс барысында 15 тірек орнатылып, арқалықтар монтаждалады. Кейін жолға асфальт төселеді.



