Плюшкин синдромы деген не?
Бүгін Өскеменде ірі өрт жағдайы тіркелді. Төтенше жағдай Әуезов 49 б тұрғын үйінен шығып, өрт сөндірушілер тілсіз жаумен сегіз сағат бойы күресті. Оқиға орнында анықталғандай, өрт шыққан үйдің иесі Плюшкин синдромымен ауырады екен. Осы тұста «Плюшкин синдромы деген не?» деген заңды сұрақ туындайды.
Плюшкин синдромы — адамның қажетсіз, ескі немесе жарамсыз заттарды тастай алмай, шамадан тыс жинақтауға бейім болатын психологиялық жағдайы. Мұндай адамдар үйін тұрмыстық қалдықтармен, ескі жиһазбен, қағаз, пластик және басқа да заттармен толтырып қояды. Салдарынан тұрғын үйде санитарлық талаптар сақталмай, өрт шығу қаупі бірнеше есе артады.
Плюшкин синдромы тек тұрмыстық қолайсыздық емес, сонымен қатар қоғамдық қауіп төндіретін қатер. Сондықтан мұндай жағдайлардың алдын алу үшін психологиялық қолдау мен түсіндіру жұмыстарының маңызы зор.



