Жаңалықтар

Мемлекет басшысы:Шаруаларды мемлекеттік қолдау жүйесі барынша ашық болуы керек

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке жыл соңына дейін ақпараттық жүйелерді кірістіру жұмыстарын аяқтауды тапсырды. Мемлекет басшысының айтуынша, бұл қадам шаруалардың міндеттемелерін бақылауға алуға мүмкіндік береді.

«Шаруаларды мемлекеттік қолдау жүйесі барынша ашық болуы керек. Қазір бұл жүйенің күмәнді, көлеңкелі тұстары көп.

Үкімет жыл соңына дейін ақпараттық жүйелерді кіріктіру жұмысын аяқтауға тиіс. Бұл қадам субсидиялау үдерісін цифрландырып, шаруалардың міндеттемелерін бақылауға алуға мүмкіндік береді.

Мал шаруашылығын тұрақты дамыту үшін ветеринарлық қауіпсіздік жүйесі сапалы болуға тиіс. Ашығын айтқанда, Қазақстанда бұл сала кенжелеп тұр. Еліміздегі 168 зертхананың жиырма жетісі ғана халықаралық стандартқа сай келеді. Мал дәрігерлерінің жұмысы толық бақылауға алынбаған. Соңғы үш жылда малға екпе салдық деп 30 мың жалған құжат жасалды.

Бұл саланы біржола тәртіпке келтіру қажет. Үкімет ветеринария саласын дамытудың кешенді бағдарламасын үш айдың ішінде қабылдауға тиіс».

Басқа жаңалықтар

Back to top button