Басты жаңалықЖаңалықтар

Қызмет көрсету ақысы қымбаттай ма? Kaspi.kz жауап берді

Әлеуметтік желілерде Kaspi Gold картасының қызмет көрсету ақысы 10 мың теңгеге өседі деген ақпарат тараған еді. Сондай-ақ, Kaspi Pay шарттары мен басқа банктердің карталарына ақша аудару комиссиясының қымбаттайтыны жөніндегі хабарламалар халық арасында дүрбелең тудырды.

Алайда Kaspi.kz бұл мәліметтерді жоққа шығарып, ресми түсініктеме берді.

Компанияның хабарлауынша, мұндай ақпараттың таралуына заңнамаға сәйкес шекті мәндер көрсетілген тарифтер туралы жаңартылған құжаттардың дұрыс түсіндірілмеуі себеп болған.

Kaspi.kz кез келген өзгерістер туралы ақпаратты тек компанияның ресми сайтынан немесе хабарламаларынан тексеруді ұсынады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button