Жаңалықтар
ШҚО-да бухгалтер 10 миллионнан астам ақша ұрлаған

Шығыс Қазақстан облысында бухгалтер-кассирі компания кассасынан 10 844 549 теңге жымқырғаны үшін сотталды. Істі Зайсан аудандық соты қарады.
Сот мәліметінше, ол былтыр тамыз-қазан айлары аралығында азық-түлік қоймасында жұмыс істеген.
Айыпталушының шын жүректен өкінгені және жас балалары бар екені ескерілді.
Нәтижесінде айыпталушыға мүлкін тәркілеумен қатар 3,5 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Сонымен қатар келтірілген материалдық шығынды өндіру туралы талап қанағаттандырылды.
Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.



